Наурызда қазақстандықтар екі ресми мерекені - 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) және Наурыз мейрамын (21-22 наурыз) атап өтеді.
Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8-10 наурыз аралығында үш күн демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 9 наурыз жұмыс күні болып саналады.
Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн қатарынан (21-25 наурызда) демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 21-24 наурыз аралығында демалып, 25 наурыз жұмысқа шығады.
Осылайша 31 күннің 14-і демалыс күні болады.
Сонымен қатар 21 наурызда Наурыз мейрамымен қатар оқушылар демалысы басталады.