Непалда сәрсенбі күні таңертең Расува округінде басталған жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 469 адамға жетті. Бұл туралы Непал полициясының ресми өкілдері мәлімдеді.
Табиғи апат салдары бірнеше аймақты қамтыды. Ең көп шығын Читван округінде тіркелді - мұнда 178 адам қаза тапқан. Сонымен қатар, құтқарушылар Навалпараси (Бардагат Суста Пурба) аймағында 110, Горкхада 44, Нувакотта 37, Дхадингте 33, Танахунда 28, Навалпарасиде (Бардагат Суста Пасчим) 27 және Расува округінде 12 адамның денесін тапты.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта Апатпен күрес кезінде Непал полициясының 28 қызметкері із-түссіз жоғалғандар тізімінде тұр.