Мәжіліс депутаттары балаларға қарсы зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларға тыйым салу жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді.
Депутат Ринат Зайыттың айтуынша, мұндай насихатпен айналысқан адамдарға жаза қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер мен кодекстер арқылы қаралады.
Алайда ол өзінің жеке пікірін білдіре отырып, “балаға зорлық көрсеткен адамның өмір сүруге хақысы жоқ дер едім” деп мәлімдеді.