Америкалық және халықаралық зерттеулер өмірді қиындататын адамдардың (токсикалық немесе күйзеліс тудыратын адамдардың) адам өміріне және денсаулығына әсерін анықтады. Зерттеулердің нәтижелері PNASжәне Psychology Today сияқты беделді басылымдарда жарияланды.
Зерттеуге 2300-ден астам адам қатысып, олардың әлеуметтік байланыстары мен қарым-қатынастары талданды. Қатысушылардан күнделікті өз өміріне кері әсер ететін адамдармен қарым-қатынасын көрсету сұралған. Биологиялық қартаю жылдамдығын анықтау үшін қатысушылардан алынған сілекей үлгілері арқылы ДНҚ өзгерістері (эпигенетикалық маркерлер) зерттелді, бұл жасушалардың қаншалықты тез қартаюын бағалауға мүмкіндік береді.
Салдарынан анықталғандай:
-
Әрбір өмірді қиындататын адам қатысушының биологиялық қартаюын шамамен 1,5%-ға арттырады;
-
Қатысушылардың 28,8%-ының өмірінде кемінде бір «токсикалық» адам бар;
-
Әсіресе айналаңыздағы достарыңыз бен туыстарыңыз қартаюға көп әсер етеді;
-
Орташа есеппен, биологиялық жас қысқа мерзімде 9 айға жоғарылайды.
Ғалымдар бұл эффектті хроникалық стресс факторымен байланыстырады: тұрақты эмоционалды кернеу нерв жүйесіне жүктеме түсіреді, ұйқыны бұзады және қабыну процестерін күшейтеді. Соның нәтижесінде денсаулық нашарлап, қартаю үдеуі мүмкін.
Зерттеу жетекшісі, Нью-Йорк университетінің әлеуметтану кафедрасының доценті Бёнкю Ли,
«Теріс әлеуметтік қарым-қатынастар адамның өмірін қиындатып, қартаюды тездетуі мүмкін» деп атап өтті.
Мамандардың айтуынша, өмірді қиындататын адамдарға көп уақыт бөлу денсаулыққа зиянды әсер етеді, сондықтан әлеуметтік орта мен қарым-қатынасты басқару маңызды.