Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни мерекелер күнтізбесін бекітті. Ақпарат 2025 жылғы 6 қарашада ҚМДБ ресми сайтында жарияланған.
Кестеге сәйкес:
– Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады;
– Қадір түні 16–17 наурызға сәйкес келеді;
– Ораза айт 20 наурызда аталып өтеді;
– Құрбан айттың бірінші күні — 27 мамыр.