Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Нәтижені ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстанда дауыс беру құқығына ие 12 623 289 сайлаушы бар. Оның 9865-і шетелде тіркелген. Сайлауға 9 351 539 адам қатысып, алдын ала қатысу көрсеткіші 74,08 пайыз болды.
Алдын ала есеп бойынша партиялар жинаған дауыс:
- «Әділет» партиясы – 6 528 948 дауыс (71,17%);
- «Ауыл» партиясы – 574 621 (6,26%);
- Respublica – 509 631 (5,56%);
- «Ақ жол» демократиялық партиясы – 478 083 (5,21%);
- ЖСДП – 469 058 (5,11%);
- Қазақстан халық партиясы – 285 395 (3,11%);
- «Байтақ» партиясы – 97 751 (1,07%).
Осылайша, алдын ала нәтиже бойынша «Әділет», «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және ЖСДП 5 пайыздық межеден асты. Қазақстан халық партиясы мен «Байтақ» қажетті межеге жете алмады.