Өзбекстан Министрлер кабинеті жаңадан сайланған Олий Мажлис (парламент) алдында өкілеттігін тоқтататынын жариялады. Бұл туралы қаулыға 19 қарашада Премьер-министр Абдулла Арипов қол қойды.
Президенттің жарлығына сәйкес, қазіргі үкіметтің жаңа құрамын жасақтағанға дейін қызметін жалғастыратыны туралы хабарланды.
"Бұл үкімет жұмысының сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет", – деп мәлімдеді премьер-министрдің баспасөз хатшысы Бекзод Хидоятов.