Түркістан облысының Созақ ауданында қылмыстық полиция қызметкері ұсталды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, ол жергілікті тұрғыннан тіркелмеген аңшылық қаруды тәркілеуден кейін қылмыстық жауапкершілікке тартпауы үшін 200 мың теңге талап еткен.
Полицей ақшаны алған соң қашуға әрекет жасаған, бірақ ҰҚК қызметкерлері оны оқиға орнында ұстады. Видеодан көрінгендей, ол қашпақ болған. Жеке тексеріс барысында оның қолынан 190 мың теңге табылған.
Дулат Абдраманов