Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында бөлінген бюджеттік қаражатты ұрлау фактілері анықтады. Жоба мақсаты – азаматтарды оңтүстік аймақтардан солтүстіктегі халқы аз елді мекендерге қоныстандыру. Қоныс аудару тек қағаз жүзінде орындалған.
"Бюджет қаражатын иемденудің тұтас схемасы жасалған, оның ішінде шығынның жартысын алу үшін үйлердің құнын 8 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтерген (үй сатып алу үшін 50% өтеледі, бірақ 4,2 миллион теңгеден аспайтын). Іс жүзінде қараусыз қалған үйлер 500 мың теңгеден бастап сатып алынған" – делінген хабарламада.
Халық көшіп кеткендіктен, облыста 59 елді мекен жойылған.
Тек 6 ауданда ғана 600 млн. теңгеге шығын анықталды.
Прокуратура тексеру материалдарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркеді, тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізіп жатыр.