Павлодар облысында әйелін аяусыз өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Сотталушы 125 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған табысты бизнесті иемдену үшін өз жұбайын суға батырып өлтірген. Қайғылы оқиға осыдан екі жыл бұрын орын алған.
Тергеу мәліметінше, марқұм әйел ажырасуға ниет білдірген, ал мұндай жағдайда барлық мүлік пен ЖШС оның меншігінде қалуы тиіс еді. Кәсіпке бақылауды жоғалтып алғысы келмеген күйеуі қылмысты алдын ала жоспарлап, әйелін табиғат аясына серуендеуге шақырады. Қайықпен серуендеу кезінде ол өз жұбайын суға итеріп, батырып жіберген.
Сот отырысы кезінде айыпталушы өз кінәсін толықтай жоққа шығарды. Ал мемлекеттік айыптаушы оның қылмысының ауырлығын ескере отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Алайда, сот айыпталушының бұрын сотталмағанын және оң мінездемесін жеңілдетуші жағдай ретінде ескеріп, оны 15 жылға түрмеге кесті.
Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Жәбірленуші тарап немесе прокуратура сот шешіміне аппеляциялық тәртіпте шағым түсіруі мүмкін.