Сейсенбі күні Prada компаниясы әйгілі Versace брендін сатып алғанын жариялады. Осылайша екі ірі итальяндық сән үйі бір шатыр астында бірікті, деп хабарлайды BBC.
Келісімнің құны $1,38 млрд, бұл Versace-тің 2018 жылы Capri Holdings арқылы сатып алынған бағасынан айтарлықтай төмен.
Бұл сатып алу Prada-ның дизайнерлік брендтер портфелін,соның ішінде Miu Miu брендін кеңейтеді және француздық конгломерат LVMH (Louis Vuitton, Dior, Fendi) сияқты халықаралық бәсекелестермен бәсекелесуге мүмкіндік береді.
Versace-нің шығармашылық жетекшісі Донателла Версаче 27 жыл қызметтен кейін, орнына Prada-ның Miu Miu бренді директоры Дарио Витале тағайындалды.
Prada бас директоры Андреа Гуэрра Versace-нің «үлкен әлеуеті бар» екенін атап, «Бұл ұзақ процесс, оны сәтті орындау үшін тәртіп пен шыдамдылық қажет» деді.