Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3–4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл жөнінде Ақорданың ресми Telegram-арнасы хабарлады.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен және ел Президенті Асиф Али Зардаримен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылайды. Атап айтқанда, саяси байланыстарды нығайту, сауда-экономикалық серіктестікті кеңейту және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды дамыту мәселелері күн тәртібінде болады.
Сонымен бірге Президенттің Қазақстан–Пәкістан бизнес форумына қатысуы көзделген. Іс-шара аясында іскерлік әріптестікті күшейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары қарастырылмақ.