Түркістан облысында Президент кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ТЖД-мен бірлесіп, атыс қаруының қоймасын анықтады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдіктілерді ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады ІІМ-нің баспасөз қызметі.