Аргентина чемпионатындағы даулы матчтан кейін 42 жастағы бас төреші Николас Ламолина келесі тур ойындарына тағайындалмады. Бұл туралы The Sun хабарлады.
28 қазанда өткен “Барракас Сентраль” – “Бока Хуниорс” кездесуінде Ламолина AFA президенті Чики Тапияның ұлы - Иван Тапиаға екі ескерту көрсетіп, ойыннан шығарған. “Бока” матчты 3:1 есебімен жеңді.
БАҚ-та бұл шешім үлкен резонанс тудырды. VAR бірнеше эпизодтарды тексергенімен, төреші шешімін өзгертпегені сынға алынды.
АFA ресми түрде “дисквалификация” туралы мәлімдеме жасамаған. Тек - Ламолина келесі матчтарға тағайындалмағаны хабарланды.
Дулат Абдраманов