Бұл туралы РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров айтты.
Оның айтуынша, ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясы өз құзыретін ұсынуға, сондай-ақ басқа мемлекеттердің тиісті мекемелерімен ынтымақтасуға дайын.
«Ресей көмектесуге дайын ғана емес, Ресей өз ұсыныстарын жасап та қойды. Біз Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген референдумда оның атом энергетикасын дамыту жоспарларының қолдау тапқанын көрдік", – деді ол.