22 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясы Астана-Прага бағыты бойынша әуе қатынасын қалпына келтіреді.
Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) сыйымдылығы 186-189 орындық Boeing 737 ұшақтарымен орындалмақ.
Әуе қатынасын қайта ашу Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.