Басты жаңалықтар

SCAT ұшағы құспен соқтығысып қалды

Редакция 14 наурыз 2025, 03:37
SCAT ұшағы құспен соқтығысып қалды Сурет авторы: GLOBAL LOOK PRESS

"Фукуок – Астана" бағытындағы SCAT ұшағы қатты желге байланысты Шымкентке жанармай құю үшін қонуға мәжбүр болды.

Ұшақты тексеру кезінде әуе кемесіне құс соғылғаны анықталды.

"Апат салдарын жою үшін қосымша әуе кемесі жұмылдырылды. Жолаушылар рейсті күткен уақыт аралығында ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, қаладағы қонақүйлерге орналастырылды", – деп хабарлады авиакомпания өкілдері

Жарнама