Биылғы жазда суға кеткен балалардың саны 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі. Ересектер арасындағы өлім, керісінше, 14%-ға азайған.
Суға түсу маусымы басталғалы 85 адам суға кеткен. Оның 35-і – бала. Көбіне апаттар демалыс күндері болады.
«Қауіпсіздік ережелерін елемеу, жабдықталмаған жерлерде суға түсу және балаларды қараусыз қалдыру көбінесе қайғылы жағдайға айналады», - деп атап өтті департамент.
Қазірдің өзінде мыңға жуық қазақстандық ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы («Су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе сақтамау») бойынша 18 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген.