Шымкентте зейнеткер мас күйінде азаматтық жұбайына пышақ салған. Ол қылмыстық кодекстің 106-бабына сәйкес- "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша айыпталды. Жәбірленушінің өзі қылмыскерге жеңіл жаза сұрады.
"Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін жағдайлардың болуын – істеген ісіне шын жүректен өкінуді және оның зейнеткерлік жасын ескерді. Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды", - деп хабарлады сотта.