Алдымен Президент Шымкент халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысты. Жеке инвестордың қаржысы есебінен 24 млрд теңгеге салынған нысан оңтүстік өңірде бірегей авиациялық хаб қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттар санын 17-ден 59-ға дейін ұлғайтып, Еуропа мен Азия елдеріне тікелей рейстер ашуға жол ашады.
