"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 3-4 наурызда Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Риддер, Қарағанды және Орал қалаларында ауадағы ластаушы заттардың таралуына метеорологиялық жағдайлар ықпал етеді.
Ластаушы заттарға: күкірт диоксиді, көміртегі тотығы, азот диоксиді, күкіртті сутек жатады. Жоғары концентрацияда бұл заттар улы болуы мүмкін, сондықтан адам ағзасына зиян.