Солтүстік Қазақстан облысында коммерциялық ұйым басшысы 840 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Тергеу мәліметіне сәйкес, кәсіпкер Ұлттық қордан бөлінген, жылыжай кешеніне жабдықтар сатып алуға арналған қаражатты мақсатсыз пайдаланған.
Антикоррупциялық қызмет сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, күдіктіні сотқа тапсырды.