7 қарашада Шығыс Қазақстан облысы шекара қызметінің департаментінде қайғылы оқиға орын алды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, әскерге шақырылған сарбаз өз-өзіне қол жұмсады деген болжам бар.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен, яғни өзін-өзі өлтіруге итермелеу үшін жауапкершілікті қарастыратын сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Оқиғаның мән-жайы анықталып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.