Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері міндетін уақытша Талғат Байсуфинов атқаратын болды. Ол команданы алдағы Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы матчтарға дайындайды.
Байсуфинов бұған дейін де ұлттық құраманы екі мәрте басқарған – 2016–2017 және 2020–2022 жылдары.
Айта кетейік, Бельгиядан жеңілгеннен кейін бас бапкер Әли Әлиев өз еркімен қызметінен кететінін жариялаған еді.