Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдап, алдағы жұмыс бағыттары туралы баяндамасын тыңдады. Әкім әлеуметтік-экономикалық даму, экологияны жақсарту және қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға қатысты жоспарларымен бөлісті.
Мемлекет басшысы мегаполисті дамытуда бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді жаңғырту, жол-көлік жүйесін жақсарту және экологиялық мәселелерді шешу міндеттелді.