Елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың қатарында:
4 еңбек ардагері;
19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;
14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкері;
6 кәсіпорын басшысы;
3 қоғамдық ұйым өкілі;
7 мемлекеттік қызметкер;
6 құқық қорғау органдары мен әскер қатарында қызмет ететін маман бар.
Ел мәдениеті мен қоғам дамуына қосқан үлесі үшін «Парасат» орденімен марапатталғандар қатарында:
Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – ҚР Парламент Сенатының депутаты;
Құспан Айгүл Сайфоллақызы – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;
Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы – Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония әншісі;
Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы – «Қарақат» мектеп-студиясының бас директоры.
Тоқаев бірқатар азаматты марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Редакция
06 наурыз 2025, 22:34
Жарнама