Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық корпусқа бірқатар кадрлық өзгеріс енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының жексенбі күнгі жарлықтарымен:
- Жеңіс Асқар Жеңісұлы Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;
- Батрашев Дәулет Қасекенұлы Хорватия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Португалия Республикасындағы Елші қызметінен босатылды;
- Ғалиев Жан Сержанұлы Португалия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;
- Иордания Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елші Шалданбай Талғат Рахымқұлұлы Ирак Республикасындағы және Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елші болып қосымша тағайындалды.
Сонымен қатар Президент жарлықтарымен:
- Лама Шәріп Қайрат Қайырбекұлы Мысыр Араб Республикасындағы және Тунис Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерінен босатылды;
- Қамалдинов Ақылбек Абсатұлы Хорватия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.