Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы бойынша Дүниежүзілік Климаттық саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Саммит БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясының қолдауымен өтеді.
"Сапар аясында Қазақстан Президенті мемлекет басшыларымен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен және бизнес-құрылымдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді", - деп хабарлады Ақордада.