Мемлекет басшысы ҚР Қарулы Күштерінде бірқатар кадрлық өзгеріс жасады.
Атап айтқанда, Асан Қуанышұлы Жүсіпов Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды. Оның орнына бұл қызметке Мереке Мәтімұлы Көшекбаев тағайындалды.
Сондай-ақ Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылып, оның орнына Ержан Уақасұлы Ыбыраев тағайындалды. Ержан Ыбыраев жаңа қызметке тағайындалуына байланысты бұрынғы лауазымынан босатылды.