Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапарын ұлттық тарихи-мемориалдық кешен – «Ата бейітке» барудан бастады.
Бұл жерде қырғыз халқының елге қалтқысыз қызмет еткен ардақты тұлғалары мен сталиндік қуғын-сүргін құрбандары жерленген. «Ата бейіт» атауын кезінде жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.
Мемлекет басшысы кешен аумағындағы 1916 жылғы Үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.
Дулат Абдраманов