23-24 мамыр күндері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
"Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.