Мемлекет басшысы жастардың санасын «жаңаша өмір сүру үлгісі» деген желеумен теріс бағытқа бұрғысы келетіндерден сақтану керектігін ескертті. Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, саяси арандатушылардың халық бірлігін бұзуына жол бермеу - басты міндет.
«Менің не туралы айтып отырғанымды бәрі түсінді деп ойлаймын. Мемлекет дәстүрлі мәдени құндылықтарды қорғауға, деструктивті, ал ашығын айтсақ, адамгершілікке жат мінез-құлық үлгілерін насихаттауға қарсы тұруға міндетті», - деп толықтырды Президент.
Сонымен қатар егер адамдардың моральдық ұстанымдары мемлекеттің позициясымен сәйкес келмесе, оларды қудалауға болмайтынын атап өтті.
Конституцияға сәйкес, неке - тараптардың ерікті және толық келісімімен қиылған ер мен әйелдің тең құқылы одағы.