Президент Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін ауыстырды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет Басшысының жарлықтарымен:
Сәбила Сапарқызы Мұстафина мен Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.
Азамат Мақсотұлы Айманакумов пен Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.