Ақорданың баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы маңызды кездесулері мен іс-шараларының жоспарын жариялады.
? 28–29 мамыр — Қазақстанға Руанда президенті Поль Кагаме ресми сапармен келеді. Екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланып, бірқатар құжаттарға қол қойылады.
? 28 мамыр — Германия Федеративтік Республикасының Бундесратының төрайымы Анке Релингермен кездесу өтеді.
? 28–29 мамыр — Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновска-Давкова жұмыс сапарымен Астанаға келеді.
? 28–29 мамыр — Хорватия премьер-министрі Андрей Пленковичтің жұмыс сапары жоспарланған.
? 29 мамыр — Тоқаев Astana International Forum (AIF) аясында ресми делегациялар басшыларымен, халықаралық ұйымдар мен компаниялардың жетекшілерімен кездесулер өткізеді.
? 30 мамыр — Италия премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен Қазақстанға келеді. Сол күні Астанада «Орталық Азия – Италия» бірінші саммиті өтеді.
? 31 мамыр — Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған шараға қатысады.