Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына алдағы республикалық референдумды ұйымдастыру және оған дайындық жұмыстарының барысы жөнінде баяндалды.
Президент референдум өткізу кезінде ашықтықты, заң талаптарының сақталуын және барлық азаматқа тең мүмкіндік берілуін қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.