Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның күш құрылымдарында кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Оның орнына Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы болып тағайындалды.