Apple, Microsoft және SpaceX компаниялары кеңседе отыруды міндеттегеннен кейін, бұл tech-компанияларда жұмыс істеуден бас тартатын топ-менеджерлердің саны артты. Бұл туралы Мичиган университеті мен Чикаго университетінің зерттеушілері мәлімдеді, деп хабарлайды Washington Post.
Ғалымдар Microsoft-та жоғары лауазымды қызметкерлердің үлесі 5%, Apple-де 4%, SpaceX-те 15%-ға төмендегенін анықтады.
"Біздің қорытындымыз кеңсеге міндетті түрде қайтару компанияларға бұрын ойлағаннан да қымбатқа түсетінін көрсетеді", – деді Мичиган университетінің зерттеушісі Дэвид Ван Дейк.