Ішкі істер министрлігі мессенджерлерде тараған «жол қозғалысы ережесіне өзгеріс енгізілді, енді ең жоғары жылдамдық 66 км/сағ болады» деген хабарламаны жоққа шығарды.
«Тарап жатқан хабарламадағы “сағат 00:00-ден кейін ең жоғары жылдамдық 66 км/сағ болады” деген ақпарат – жалған. Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ», – делінген министрліктің ресми мәлімдемесінде.
Мәліметке сәйкес, елді мекендер аумағында жеңіл көліктер үшін белгіленген шекті жылдамдық – 60 км/сағ болып қала береді.
Ал жол қозғалысын бақылау камералары жылдамдық 70 км/сағаттан асқан жағдайда ғана ереже бұзушылықты тіркейді.
Министрлік азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.