Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «DIGITАL KAZAKHSTAN: заманауи білім беру» тақырыбында өткен тамыз кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Qrnews тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
«500-ге жуық жоғары білім туралы жалған диплом анықталды. Бұл бағытта құзырлы органдар жұмыс істеп жатыр. Жұмыс жалғасады. Түбіне жететін боламыз. Мектеп ұжымы мен басшыларының арасындағы 16 еңбек дауы соттар мен Президент әкімшілігі деңгейіне дейін қаралған. Білім саласындағы кейбір қолы лас қызметкерлер саланы табыс көзіне айналдырып, миллиардтаған мемлекет қаржысын талаң-таражға салды. Аталған дерек бойынша бірқатар лазауымды тұлға мен жауапты қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Әлі де тартылатын болады», - деді Дархан Сатыбалды.