Басты жаңалықтар

Тұрмыстағы зорлықтан жапа шеккендерге көмектесетін орталық қызметкері әйеліне күш қолданған

Абдрахманов Мағжан 14 тамыз 2026, 06:55
Тұрмыстағы зорлықтан жапа шеккендерге көмектесетін орталық қызметкері әйеліне күш қолданған Сурет авторы: istock

Жетісу облысында «Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметкері өз әйеліне қатысты тұрмыстық зорлық жасағаны үшін сотталды.

Ер адамның жұмысы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғаумен байланысты болған. Соған қарамастан, ол жұбайына қатысты заңға қайшы әрекет жасаған.

Сот ер адамды тұрмыстағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 200 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Жарнама