Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
"Негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген талапкерлердің пікірін еске ала отырып, 22 мамыр сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін тестілеуге тіркелу базасы барлық тестіленушілер үшін ашылады", – делінген хабарламада.
Ведомство өтініш беріп үлгермеген тест тапсырушылар app.testcenter.kz сайтында ұсынылған қолжетімді орындарға ғана тіркеле алатынын мәлімдеді. Сондай-ақ 2 рет өтініш берген талапкерлер үшін іс-әрекет қолжетімсіз болатынын ескертті.