Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, 2026 жылы жалпы ішкі өнім 5,4%-ға өседі деп күтілуде. Орташа алғанда үш жылда өсім 5,3%-ды құрайды. Ақшалай есептегенде, ел экономикасының көлемі 183,8 трлн теңгеден 229,8 трлн теңгеге дейін ұлғаймақ.
Қай салалар алға шығады?
-
Өңдеуші өнеркәсіп жыл сайын қарқынын үдетіп, 2028 жылы 6,6%-ға жетеді;
-
Құрылыста өсім рекордтық деңгейде – орта есеппен 11%;
-
Көлік саласында – 10,1%;
-
Саудада – 6,7% болжанған.
Сауда балансы да оң күйінде қалады. Экспорт 2026 жылғы $77,1 млрд-тан 2028 жылы $83,7 млрд-қа дейін артса, импорт $67,7 млрд-тан $75,2 млрд-қа дейін өседі.
? Бюджетке келсек:
-
2026 жылы кірістер – 19,2 трлн теңге;
-
2028 жылы – 23,2 трлн теңге;
-
Ұлттық қордан жыл сайынғы кепілдендірілген трансферт – 2,77 трлн теңге көлемінде қалады.
Бюджет тапшылығы 2026 жылы ЖІӨ-нің 2,5%-ын құраса, үш жылда ол 0,9%-ға дейін қысқарады. Мұнайға тәуелділікті азайтудың арқасында мұнай емес тапшылық та 4,9%-дан 2,7%-ға төмендейді.
«Бюджет өзін-өзі қамтамасыз етеді, қосымша қаражат тарту қажет болмайды», – деді вице-премьер Жұманғарин.
Дулат Абдраманов