13-15 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қатты жауын-шашын салдарынан қар көшкіні жүруі мүмкін.
Осы орайда ТЖМ тауда қауіпсіздікті сақтау ережелерін еске салды:
- Маршрутыңызды мұқият зерттеңіз;
- Қар көшкіні және сел қаупі бар аймақтардан, әсіресе қатты жауын-шашыннан кейін аулақ болыңыз;
- Қар көшкіні немесе сел шуын естігенде дереу ағынның бойымен төменгі аңғардан 50-100 метр жоғары көтерілу қажет;
- Бұл кезде қатты ағыстан ауыр тастар құлауы мүмкін екенін ұмытпаңыз;
- Әрқашан есіңізде болсын, қар көшкіні мен сел ағынынан тек қашып құтылуға болады.
- 112 бірыңғай нөмірінен келетін хабарламаларды бақылап отырыңыз, қар көшкіні мен лай тасқыны қаупі туындағанда тауға шығуды кейінге қалдырыңыз.