2024 жылы республикалық бюджеттің кірістері 14,1 триллион теңге көлемінде бағаланады. Бұл бекітілген жоспардан 2 триллион теңгеге төмен. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, кіріс азаюының негізгі себептері мыналар:
- Мұнай өндіру көлемінің 5,1 млн тоннаға азаюы;
- Қосылған құн салығын қайтару көлемінің артуы;
- Сыртқы сауда айналымының төмендеуі.
2024 жылға арналған негізгі макроэкономикалық параметрлер бұрынғы деңгейде сақталады: мұнай бағасы – барреліне 80 АҚШ доллары, теңгенің есеп айырысу бағамы – 460 АҚШ доллары, инфляция – 6-8%.
Кірістердің төмендеуіне корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы және мұнайға экспорттық кедендік баж салығының төмендеуі әсер етті. Қосылған құн салығынан түсетін кірістердің үлесі 1,5 триллион теңгеге азайып, импорт көлемінің 8,3%-ға төмендеуі де бюджетке әсерін тигізіп отыр.