Йеменнің Аден шығанағында Эфиопиядан шыққан мигранттарды тасымалдаған қайық суға батып, ірі қайғылы оқиға орын алды. БҰҰ Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметінше, 68 адам қаза тауып, 74 адам жоғалып кеткен, деп хабарлайды theguardian.com
Қайықта барлығы 154 адам болған, олардың тек 12-сі ғана тірі қалды. Құтқарушылар 54 мәйітті жағалаудан тапса, тағы 14 дене ауруханаға жеткізілді.
Халықаралық көші-қон ұйымы бұл апатты «Йемен арқылы өтетін ең қауіпті миграциялық бағыттағы трагедиялардың бірі» деп атады. Халықаралық ұйымдар аймақтағы көші-қон дағдарысына назар аударып, мигранттарды қорғауға арналған шұғыл шараларды қолға алуға шақырып отыр.
Автор: Рахат Жора