Вице-министрдің айтуынша, YouTube — америкалық платформа болғандықтан, егер пайдаланушының табысынан салық ұсталып отырса, оны растайтын анықтаманы мемлекетке ұсыну қажет.
Осыдан кейін қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық келісім негізінде азамат салық төлеуден босатылады.
Мәжіліс кулуарында Ержан Біржанов бұл нормалар YouTube арқылы ресми түрде табыс тауып жүрген азаматтарға қатысты екенін атап өтті.