Украина Президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай жолдаған құттықтауы үшін алғыс айтты. Зеленский Қазақстан Президентінің хатын X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Украина басшысы Қазақстанмен арадағы достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын атап өтті.
«Украина өзара құрметке, түсіністікке және халықтарымыз арасындағы байырғы байланыстарға негізделген Қазақстанмен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Біз ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Сізге табыс, ал достас Қазақстан халқына бейбітшілік, амандық және өркендеу тілеймін», – деп жазды Зеленский.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, украин халқына бейбітшілік пен құт-береке тілеген еді.
Президенттің хатында қазақ халқы украин халқының тарихына, салт-дәстүріне, мәдениеті мен ұлттық тіліне әрдайым шынайы құрметпен қарайтыны да айтылған.