Жамбыл облыстық соттарының баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сот ер адамды кәмелетке толмаған қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткені үшін айыпты деп таныды.
Сот материалдарына сәйкес, биыл сәуір айында Қордай ауылында айыпталушы мас күйінде 2019 жылы туған қызын зорлаған.
Сот үкімі бойынша Ж. ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі («Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық») бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот оның жасаған ісіне өкініш білдіргенін жеңілдететін мән-жай ретінде есептеді. Ал ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Сонымен қатар жәбірленушінің пайдасына 5 млн теңге көлемінде моральдық шығын өндіру туралы шешім шығарылды.