Жаңа Зеландия 2026 жылдан бастап косметиканың беріктігін арттыратын "мәңгілік химиялық заттарға" тыйым салу туралы шешім шығарды. Бұл туралы The Guardian басылымына сілтеме жасап gylym.tap парақшасы хабарлады.
Пер- және полифторалкилдер (PFAS) деп аталатын бұл заттар тырнақ лагы, қырынуға арналған крем, ерін далабы және көптеген басқа күнделікті тауарлардың құрамында кездеседі.
PFAS-тар айтарлықтай қауіпті. Себебі, олар адам ағзасында және қоршаған ортада жинақталып, қатерлі ісік және бедеулік сияқты ауруларға әкелуі мүмкін.
Жаңа Зеландия Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бұл бастамасы PFAS-тың зиянды әсеріне қатысты алаңдаушылыққа белсенді жауап ретінде қарастырылады. Бұндай шектеу шаралары мемлекетті косметикадағы PFAS-тарға ресми тыйым салған алғашқы елге айналдырады.