Басты жаңалықтар

Жетісу облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Абдрахманов Мағжан 02 қыркүйек 2026, 04:27
Жетісу облысында жол апатынан алты адам қаза тапты Сурет авторы: Видеодан кадр

Жетісу облысында екі Chevrolet Cobalt автокөлігі соқтығысып, алты адам қаза тапты. Тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Жол апаты «Сарыөзек – Көктал» автожолының 110-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, екінші автокөлікпен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция жол апатының барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Жарнама